Мамлютка — 240 жыл: тарих және мұра.
3 қазан күні Мамлютка қаласы өзінің 240 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Бұл айтулы дата – туған өлкенің тарихын еске алып, оның қалыптасуы мен дамуына көз жүгіртіп, қаланың өркендеуіне өз үлесін қосқан азаматтардың еңбегіне құрмет білдіретін ерекше мереке. Сонымен қатар, бұл күн Еңбек күнімен үндесіп, жасампаз еңбектің маңыздылығын және өз еңбегімен елдің дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына деген құрметті дәріптейді.
Осы айтулы даталарға орай Мамлют аудандық кітапханасы тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеге туған өлкенің тарихы, Мамлютка қаласының қалыптасуы мен дамуы туралы кітаптар, тарихи және танымдық материалдар, сондай-ақ еңбегі мен үлесі өлкеміздің тарихында өзіндік орын алған азаматтар туралы әдебиеттер ұсынылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарды туған өлкенің өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстыру, тарихи мұраны насихаттау, еңбекке және еңбек адамдарына деген құрметті қалыптастыру.
Туған жеріміз Мамлютка қаласына одан әрі даму мен өркендеу, жаңа жетістіктер мен игі өзгерістер тілейміз! Қаламыз көркейіп, абаттанып, жыл сайын одан әрі әсем әрі жайлы бола берсін. Ал оның тұрғындары әрдайым туған жерін мақтан тұтып, оның тарихы мен дәстүрлерін қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе берсін!
***
Мамлютка — 240 лет: история и наследие.
3 октября город Мамлютка широко отметил свой 240-летний юбилей. Эта знаменательная дата — особый праздник, который позволяет вспомнить историю родного края, проследить его становление и развитие, а также отдать дань уважения людям, внесшим свой вклад в его процветание. Кроме того, этот день созвучен с Днём труда, который напоминает о важности созидательного труда и уважении к людям, своим трудом вносящим вклад в развитие страны.
В честь этих знаменательных дат Мамлютская районная библиотека организовала тематическую книжную выставку.
На выставке были представлены книги, исторические и познавательные материалы об истории родного края, становлении и развитии города Мамлютки, а также о людях, чей труд и вклад стали частью истории нашего края.Цель выставки — познакомить читателей с прошлым и настоящим родного края, популяризировать историческое наследие и воспитывать уважение к труду и людям труда.
Желаем нашей родной Мамлютке дальнейшего развития и процветания, новых достижений и добрых перемен! Пусть город растёт, благоустраивается и с каждым годом становится ещё красивее и уютнее, а его жители всегда гордятся своей малой родиной и бережно сохраняют её историю и традиции.
|